ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Университет кітапханасының басты мақсаты: білім беру және ғылыми үдерісті қажетті дәстүрлі, сондай-ақ электрондық түрдегі оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету.

Кітапхана міндеттері: кітапхана жұмысының дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық әдістері мен формаларын қолдана отырып, анықтама библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру; кітапхана қорын толықтыру және сақтауды қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.

Барлық компьютерлер ИНТЕРНЕТ желісіне қосылған. Осы залда электрондық құрылғылардағы (CD, DVD дисктер, аудио, видео кассеталар т.б.) электрондық оқулықтар сақталған. Электронды құжаттар – бүгінгі күні ақпараттық ресурстардың ажырамас бөлігі. Электронды оқу залы Интернет желісіне қосылып, ақпараттық мәліметтермен, электронды оқулықтармен қамтамасыз етеді.


Білім беру бағдарламалары пәндерін кітапхана қорының оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейі туралы

Ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорын толықтыру.

Университетінің жалпы кітап қоры 365 922 дана кітапты құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 310 684 дана, орысша - 27592, шет тілінде - 5297. Кітапхана қоры ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, көркем және өзге де басылымдардан құралған.

Университеттің кітапхана қоры жыл сайын жаңарып отырады.

Қорды толықтыру мақсатында кітапхана “Фолиант”, “Қазақ университеті”, “Алматы кітап”, “Өнер”, “Бастау”, “Жазушы”, “Арыс”, “Қазығұрт”, “Білім” баспаларымен жұмыс жасайды. Соның ішінде университет кітапханасы ҚР ЖОО қауымдастығының баспасымен тығыз байланыс жасап оқу құралдары мен оқулықтар сатып алу ісін жолға қойған.

Кітапхана еліміздің барлық баспаханаларында шығып жатқан жаңа оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми еңбектер жайлы мәліметтерді электронды пошта арқылы алып, тапсырыс бере алады. Сондай-ақ, кітапхана қорын университет профессор-оқытушылары да өз еңбектерімен толықтырып отырады.

Университетте заманауи кітапхананы құру үшін кітапхана библиографиялық үрдістерді ТОО “Kazakh soft” компаниясы өңдеген “Кабис” (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі) лицензияланған бағдарламасы 2014 ж. қазан айынан кітапханаға сатып алынып енгізілді. Кітапхананың 6 қызметкері Қазақ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі курсын толық бітіріп, сертификат алды.

“КАБИС” бағдарламасы бойынша электронды каталог мәліметтер базасында библиографиялық жазбалар енгізілуде. Электронды каталог – кітапхана жұмысының маңызды бір бөлігі. Электронды каталогтың мәліметтер базасына құжаттардың библиографиялық сипаттамасы енгізіледі.

Кітапханада оқу жылы барысында үздіксіз ақпараттық библиографиялық жұмыстар жүргізіліп, тарихи-өлкетанулық, мерзімдік басылымдардың, жаңа түскен оқулықтардың картотекасы толықтырылып отырады.


^ Жоғары шығу